Сайт туралы

Ақнеке.kz — танысу сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайтқа кіргеніңіз үшін рахмет! 


Ақнеке.kz – отбасын құруды жоспарлап жүрген қазақтың жігіттері мен қыздарына арналған танысу сайты. Біздің басты мақсатымыз – жұмыс деп жеке өміріне уақыт таба алмай жүрген жандарға, тағдырдың жазмышымен бұрынғы жарымен айырылысқан адамдарға, әрі жасы келіп өз бетімен таныса алмай жүрген адамдарға көмек беру.

Біздің танысу сайтымыздың тарихы 2007 жылдан бастау алады. Алғашқы қазақ тіліндегі Танысу.kz (tanisu.kz) сайтын сол жылы ашқан болатынбыз. Бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін хакерлер тарапынан шабуыл жасалып, сайттың жұмысын тоқтатуға тура келді. Жаңартылған сайтымыздың атын «Екі жүрек» (eki-jurek.kz) деп өзгертіп 2011 жылы жарияладық. Бірақ ол сайтымызда бірнеше жыл ғана жұмыс істеді. Содан араға біраз жылдар салып қайта осы Ақнеке.kz сайтымызды ашып отырмыз. Бұл жолы анкеталар базасын Әлемде және Қазақстанда кеңінен таралған Инстаграм әлеуметтік желесіне орналастыруды жөн көрдік.

Негізгі танысу алаңы болып Instagram әлеуметтік желісіндегі @akneke.kz және @aqneke.kz парақшалары болып табылады. Сонымен қатар akneke.kz уеб-сайтында анкеталар шығарылады, одан басқа ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас, бақытты отбасы құру және бала тәрбиесіне қатысты әртүрлі материалдар жарияланып тұрады.

Бізге қосылыңыз! Біздің онлайн қоғамдастық мүшесі болыңыз, өз бақытыңызды осы жерден табыңыз.