Ережелер

Бұл Instagram парақшаға (@akneke.kz) жазылуыңбен келесі шарттармен және талаптармен келіскеніңізді білдіресіз:

▶ Сіздің жасыңыз 21-ден асқан болуы керек
▶ Парақшамызға тіркелген әрбір қолданушыларымыз пікір білдіріп, өз жазбасын бізге жібере алады.
▶ Парақшамызда төмендегі тақырып бойынша пікір қалдыруға және іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қатаң тиым салынады:
– Діни, нәсілдік кемсітушілік;
– Ұлт араздықты тудыратын пікірлер қалдыруға;
– Біреуді қаралап, қорқытып, беделін түсіру, ар-намысы мен жеке өміріне қол сұғатын жалған ақпараттар таратуға;
– Мемлекет саясатына қарсы, конституцияны күштеп өзгертуге бағытталған кез-келген пікір жазуға ;
– Басқа кісінің аты-жөнін және фотосуретін өз атынан жариялауға;
– Парақшамызда жарияланған анкета авторларына бағытталған анайы сөздер мен негатив пікірлерге қатаң тиым салынады.
▶ Пікір жариялау арқылы қолданушы материал мазмұнына қатысты өз көзқарасын немесе анкета авторына деген лебізін жеткізе алады.
▶ Анкета астында үшінші тарапқа тиесілі құпия ақпаратты рұқсатсыз жариялауға тыйым салынады.
▶ Анкета астында жарнамалық мазмұндағы пікір қалдыруға тыйым салынады.
▶ Анкета астында материал мазмұнына қатысы жоқ пікір қалдыруға тыйым салынады.
▶ Парақшаға қарсы бағытталған, парақшаның жұмысын бұзуды мақсат еткен пікір қалдыруға тыйым салынады.
▶ Парақшадағы анкеталарда көрсетілген жеке басына қатысты мәліметтердің ары қарай таралуына анкета авторы жауапты.
▶ Сайтта жазылған пікірлер мен жазбалардағы көзқарастар Сайт әкімшілігінің көзқарасы болып табылмайды.
▶ Егер қандай да заңға қарсы немесе жеке адамның ар-намысы тиетін пікір көрсеңіз, сайт әкімшілігіне хабарласып, жоюға болады.

▶ Сіздің шағымыңыз жоғарыда тыйым салынған тақырып аясында болса, жазба бірден жойылады.
▶ Парақша қонданушылары анкетадағы көрсетілген ақпаратқа толық жауапкершілікті өздеріне алады, @akneke.kz парақшасы тек анкеталарды орналастыру алаңы болып табылады. Біз ешкімге нақты ұсыныс, кепілдеме немесе мінездеме бермейміз. Және ешкімге жар таңдап немесе тауып бермейміз.
▶ Осы аталған қағиданы бұзған қолданушы бірден парақшадан шығарып тастаймыз .

ПАРАҚША ӘКІМШІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Ақнеке.kz» инстаграм парақшасының әкімшілігі ұстанымы (әрі қарай Сайт әкімшілігі):

▶ Бұл ұстаным Сайт әкімшілігі мен Қолданушы арасындағы Сайтты қолдану барысында туған қатынасты реттейді.
▶ Сайт иесі сайт қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді. Анкета жариялау және пікір жазу, сурет, бейнебаян, ақпарат алу қызметтерін пайдалануға жағдай туғызатын дәнекер болып табылады.
▶ Сайт әкімшілігі Қолданушының рұқсатынсыз сайтты қолдануға қатысты кез-келген ережені шығарып, сайттың құрылымын өзгертіп, анкеталарды жариялауға шектеу қоюға, өшіруге және өзгертуге құқылы.
▶ Әкімшілік қолданушыға сайттағы ақпараттардан және анкета астында қалдырылған пікірлерден тікелей немесе жанама түрде келген (мысалы, жазылған ақпаратқа сеніп әрекет ету) материалдық-моралдық зиянды өтемейтінін ашық түрде жариялайды және соған байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады. Біздер “әркімнің өз басы бар” деген ұстанымдамыз.
▶ Сайт әкімшілігі қолданушылар арасында туындаған дауларға араласпайды және ресми орындарда куәлік етпейді, хаттама мен көшірмелер жасамайды және бермейді.